Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаменті

Халықаралық ынтымақтастықтың негізгі формаларының бірі — студенттер мен оқытушыларға арналған академиялық және ғылыми алмасу бағдарламалары, сондай-ақ тағылымдамалар. Еуразия технологиялық университеті білім алушылар мен оқытушылардың академиялық ұтқырлығын арттыруға Болон декларациясының негізгі қағидаттарының бірі ретінде үлкен мән береді.

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің негізгі мақсаты — Еуразия технологиялық университетінің халықаралық қызмет стратегиясын іске асыру.

Халықаралық ынтымақтастық және академиялық ұтқырлық департаментінің негізгі міндеттері:

  • — Университеттің білім беру және ғылыми қызметін интернационалдандыруға жәрдемдесу
  • — Еуразия технологиялық университетінің халықаралық қызметін стратегиялық жоспарлау және мониторингілеу
  • — Еуразия технологиялық университетінің білім беру қызметтерін экспорттау/импорттауды дамытуға қатысу
  • — Халықаралық деңгейдегі мамандарды даярлау және қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу мен іске асыруға жәрдемдесу
  • — Оқуға шетелдік азаматтарды және шетелдік мамандарды тартуда жоғары оқу орнының оқу бөлімшелеріне көмек көрсету
  • — Қызметкерлерді іссапарға жіберу, студенттерді шетелге жіберу туралы бұйрықтарды ресімдеу, шетелге іссапарлар бойынша есептік құжаттаманы аудару
  • — Университеттің ПОҚ және студенттерінің шетелдік тағылымдамаларын ұйымдастыруға жәрдемдесу/сүйемелдеу
  • — Шетелдік серіктестермен бірлескен білім беру бағдарламаларын, танысу практикаларын, жазғы/қысқы мектептерді әзірлеуге жәрдемдесу
  • — Шетелге шығатын студенттер мен ПОҚ үшін шет тілін білу деңгейін тестілеуді ұйымдастыру және өткізу

— Халықаралық қызметті ресімдейтін құжаттарды әзірлеу (келісімшарттар, келісімдер, меморандумдар және т.б. мәтіндері).

Мекенжай:

ҚР, Алматы қ.,

Төле би көшесі 109б

2 қабат, 214 каб.

E-mail: ir@meta.edu.kz