Инженерлік және IT технологиялар мектебі
Ақпараттық технологиялар және инженерия саласындағы инновациялық білім
Мектеп туралы
Инженерлік және IT технологиялар мектебі
META
UNIVERSITY инженерлік және ақпараттық технологиялар мектебі IT,
робототехника, автоматтандыру және цифрлық технологиялар саласында жаңа буын
мамандарын дайындайды.
META University Инженерлік және ақпараттық
технологиялар мектебі инженерия, цифрлық технологиялар, көлік, энергетика және
жасанды интеллект саласындағы озық білім беру бағдарламаларын біріктіреді. Біз
экономикадағы цифрлық трансформация жағдайында күрделі техникалық және
интеллектуалды жүйелерді жобалай және басқара алатын жаңа буын мамандарын
дайындаймыз.
Біздің студенттерімізге негізгі инженерлік дайындық,
заманауи IT-компетенциялар және жоғары технологиялық еңбек нарығының
талаптарына сәйкес практикалық дағдылар беріледі. Оқу процесі практикаға,
жобалық қызметке, нақты жабдықтармен және цифрлық платформалармен жұмысқа
бағытталған.
Біздің жетістіктеріміз
Студенттер
Жұмысқа орналасу
ПОҚ
Зертханалар
Неліктен бізді таңдайды
Заманауи зертханалар
Соңғы техникамен жабдықталған
Күшті профессор-оқытушы құрамы
IT, электроэнергетика және машина жасау саласындағы жетекші зерттеуші профессорлар
Қазақстанның жетекші компанияларымен ынтымақтастық
Индустриямен серіктестік және жұмыс берушілердің білім беру процесіне қатысуы
Байланыс
Мансаптық мүмкіндіктер
IT және инженерия саласында жұмысқа орналасудың кең мүмкіндіктері
IT және цифрлық технологиялар
Программист, жүйелік аналитик, бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлеушісі, ақпараттық жүйелер маманы, IT-дизайнер, жасанды интеллект және деректерді талдау инженері.
Өнеркәсіптік және инженерлік сектор
Инженер-конструктор, инженер-технолог, машина жасау, робототехника, мехатроника, электроника және өндірістік процестерді автоматтандыру маманы.
Көлік және логистика
Көлікті ұйымдастыру және логистика бойынша маман, көлік жүйелері инженері, интеллектуалды көлік жүйелері (ITS), көлік ағындарын басқару және көлік қауіпсіздігі бойынша сарапшы.
Энергетика және «жасыл» технологиялар
Энергетика инженері, электроэнергетика және жаңартылатын энергия көздері бойынша маман, энергия тиімділігі және тұрақты даму инженері.
Жоғары технологиялық және инновациялық компаниялар
Инженер по smart-технологиям, специалист по цифровому машиностроению, разработчик электронных и прототипных решений, инженер R&D-подразделений.
Мемлекеттік және жартылай мемлекеттік сектор
Профильді министрліктерде, ұлттық компанияларда, инженерлік орталықтарда, инфрақұрылымдық және цифрлық жобаларда жұмыс.
Өз бизнесі мен стартаптар
Инженерлік, IT және технологиялық стартаптар, консалтинг және сервистік компанияларды құру – цифрлық шешімдер, автоматтандыру, көлік және энергетика салаларында.

