+7 707 495 45 45info@meta.edu.kz 45 Dosmukhamedov St., Almaty
universityNovember 21, 2025

META completed Stage I of the «Best University Teacher 2025» competition

Конкурстың мақсаты – педагогикалық қызметтің сапасын арттыру, ғылыми-зерттеу белсенділігін ынталандыру және профессорлық-оқытушылар құрамының кәсіби өсуін қолдау. Байқауға ғылыми-педагогикалық қызмет өтілі кемінде бес жылды құрайтын және оқу, әдістемелік, ғылыми жұмыстарда жоғары нәтижелер көрсеткен штаттық оқытушылар қатысады.

2025 жылғы 3–17 қараша аралығында университет оқытушылары өздерінің конкурс материалдарын Министрліктің ақпараттық жүйесі арқылы ұсынды. Ішкі сараптама қорытындысы бойынша META University конкурс комиссиясы республикалық кезеңге ұсынылатын екі үміткерді анықтады:

 Тұрдаұлы Мұса – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор(доцент), инженерлік және ақпараттық технологиялар мектебінің профессор-зерттеушісі
 Өтемұратов Жеңіс Жанабайұлы – философия докторы (PhD), Инженерлік және ақпараттық технологиялар мектебінің профессоры.

Конкурсанттардың материалдары әрі қарай ұлттық іріктеуге қатысу үшін Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігіне жолданды. Республикалық кезеңнің жеңімпаздары «ЖОО-ның үздік оқытушысы» құрметті атағын, ақшалай сыйақыны және Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің төсбелгісін алатын болады.

META UNIVERSITY екінші турға өткен оқытушыларды құттықтап, алдағы кезеңдерде табыс пен жаңа жетістіктер тілейді.

 

Қосымшалар:

1. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығы
2. «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру қағидалары
3. «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» ішкі университеттік конкурсын өткізу туралы бұйрық
4. META UNIVERSITYі комиссиясының хаттамасы
5. META UNIVERSITYі Ғылыми кеңесінің №1 үзіндісі