



«Engineering & IT Innovation Day – Student Research Projects»
Университетімізде «Engineering & IT Innovation Day – Student Research Projects» атты ғылыми-практикалық семинар жоғары деңгейде ұйымдастырылып, сәтті өтті.
Іс-шара инженерлік және ақпараттық технологиялар саласындағы студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары мен инновациялық жобаларын таныстыруға арналған маңызды алаңға айналды. Семинар барысында білім алушылар өздерінің тың идеяларын ұсынып, ғылыми ізденістерінің нәтижелерімен бөлісті.
Барлық қатысушылар жоғары дайындық деңгейін көрсетіп, жобаларын кәсіби түрде қорғады. Студенттердің креативті ойлауы, ғылыми әлеуеті мен заманауи технологияларға деген қызығушылығы ерекше атап өтілді.
Іс-шараның арнайы қонағы — Алматы Хабтың білім беру және бизнес бағдарламалары офисінің бас менеджері, Қалымбетова Райхан Сейдалиевна. Қонағымыз студенттердің жобаларына жоғары баға беріп, ғылым мен бизнес арасындағы байланысты нығайтудың маңыздылығын атап өтті.
Аталған семинар жас мамандардың кәсіби қалыптасуына, ғылыми бағыттағы дамуына және инновациялық ойлау қабілетін арттыруға үлкен серпін берді.