Мазмұнға өту
05.02.2026

Біз IT, DevOps және AI бағыттары бойынша сарапшылармен дөңгелек үстел өткіздік.

Бұл кездесуде қазіргі IT саласында нені білу маңызды, студенттерді қалай дұрыс бағытта дамыту керек деген сұрақтар талқыланды.

Біз IT, DevOps және AI бағыттары бойынша сарапшылармен дөңгелек үстел өткіздік.

🔥Негізгі идеялар:


1.Студенттерді тек теориямен шектемей,

нақты бір компанияның архитектурасын имитациялау арқылы оқыту.

Яғни, компания ішінде жүйелер қалай жұмыс істейді, серверлер қалай байланысады, DevOps процестері қалай жүреді — соның бәрін практика арқылы үйрену.


2.DevOps пен AI-ды дұрыс және пайдалы қолдану.

AI — жай ғана тренд емес, ол жұмысымызды жеңілдететін құрал.

Бірақ оны дұрыс пайдалану үшін алдымен негізгі базаны түсіну қажет.


🎯 Біздің негізгі міндеттеріміз:

Студенттердің IT саласын толық түсінуіне көмектесу

Нақты кейстермен жұмыс істеуге үйрету

Өз бетімен ойлай алатын, сұрақ қоя білетін

Болашақта жұмысқа тез бейімделетін мықты мамандарды дайындау


Осындай форматтағы домалақ үстелдер арқылы біз

студенттер мен индустрия арасындағы байланысты жақындатуды мақсат етеміз.


Басқа жаңалықтар

Университет өміріндегі соңғы оқиғаларды қадағалаңыз

23 ақпанда META University-де БҰҰ-ның халықаралық ұйымдары — UNICEF пен UNESCO мүмкіндіктері туралы кездесу өтеді.
21.02.2026

23 ақпанда META University-де БҰҰ-ның халықаралық ұйымдары — UNICEF пен UNESCO м...

Толығырақ
Спартакиада
18.02.2026

Спартакиада

2026 жылғы 6 ақпанда қатысушыларды жігер мен командалық рух атмосферасында біріктірген жарқын спарта...

Толығырақ
Кітапхана
18.02.2026

Кітапхана

Кітапхана — тыныштықтың, білім мен шабыттың орны 📚

Толығырақ

Колёсико мыши для зума