




2026 жылғы 2 сәуірде META University кітапханасында Жалпы білім беру пәндері орталығы кітапханамен бірлесіп «Мұқағали Мақатаев — қазақтың ақиық ақынына арналған шығармашылық кеш» атты іс-шара өткізді. Аталған кеш көрнекті қазақ ақыны — Мукагали Макатаевтың 95 жылдығына арналды.
Кеш барысында студенттер ақынның өмірі мен шығармашылығына арналған «Жырлайды жүрек» көрмесімен танысып, Мукагали Макатаев өлеңдерін ерекше ықыласпен орындады.
Іс-шара соңында қатысушылар ұжымдық фотоға түсіп, әдеби кештің әсерлі сәттерін естелікке қалдырды.