+7 707 495 45 45info@meta.edu.kz Алматы қ., Досмұхамедов к-сі, 45 ғ.
META
Басты бет
Университет туралы
Түсу
Білім алушыларға
Мектептер
Ғылым
Халықаралық
ЖаңалықтарМансапРектор блогы
Green Deal CenterSDG Portal
career-center24 февраля 2025 г.

«Russell Bedford» компаниясымен мансаптық өсу туралы кездесу

«Russell Bedford» компаниясымен мансаптық өсу туралы кездесу

24.02.2025 жылы «Russell Bedford» компаниясы (@rb_apartners) өкілдері мен «ЭҚТжҚКС» мектебінің студенттері арасында жұмысқа орналасу және мансаптық өсу тақырыбында кездесу өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, студенттер компания өкілдерінен еңбек нарығындағы талаптар мен кәсіби дамудың мүмкіндіктері туралы маңызды кеңестер алды.

Студенттер вакансиялар жәрмеңкесінде

Кездесу барысында «Russell Bedford» өкілдері қолжетімді вакансиялар, тағылымдамалар және жас мамандарға арналған бағдарламалар туралы ақпаратпен бөлісті. Сондай-ақ, табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті негізгі дағдылар мен компаниядағы іріктеу ерекшеліктері талқыланды. Студенттер белсенділік танытып, мансаптық өсу, корпоративтік мәдениет және кәсіби дамуға қатысты сұрақтар қойды.

hh.kz серіктестері жәрмеңкеде

Іс-шара барысында түйіндеме дайындау және сұхбаттасуға дайындық бойынша практикалық кеңестер берілді. Бұл қатысушыларға жұмысқа орналасу мүмкіндіктерін арттыру және мансаптық мақсаттарына жету жолдарын жақсырақ түсінуге көмектесті.