Бірінші курс — жаңа таныстықтар, жаңалықтар мен мүмкіндіктерге толы кезең. Студенттік өмірге оңай бейімделіп, өз ортаңызды тауып, жарқын естеліктерге толы күндер өткізулеріңізге тілектеспіз.
META University-ге қош келдіңіздер! ✨

Orientation Week-тен бастаймыз
31 тамызда сағат 08:30-да бірінші курс студенттеріне арналған салтанатты жиын өтеді. Сені университетпен танысу, алғашқы кездесулер және META University студенттік өміріне ену күтіп тұр.

Университетпен танысу
Алғашқы күндері сен мыналарды білесің:
- сабақтар қайда өтетінін;
- маңызды сұрақтар бойынша кімге жүгіну керегін;
- оқу үшін қандай сервистер мен платформаларды пайдалану керегін;
- демалып, бос уақытты қайда өткізуге болатынын.

Оқудың жаңа форматы
Сені мыналар күтеді:
- жаңа пәндер;
- оқытушылармен танысу;
- алғашқы тапсырмалар мен дедлайндар;
- әр пән бойынша силлабус — бүкіл курсқа арналған бағдарың.

Жаңа адамдар — жаңа мүмкіндіктер
Сен курстастарыңмен, белсенділермен, оқытушылармен және университет қызметкерлерімен танысасың. Ал олардың біреуі саған дос, тәлімгер, тіпті болашақ әріптес болуы мүмкін.

Алғашқы апталар бейтаныс көрінуі мүмкін — бұл қалыпты жағдай. Сенің университеттік тарихың осы жерден басталады.






