Мазмұнға өту
17.02.2025 53

«Magnum GO» компаниясымен мансаптық мүмкіндіктер туралы оффлайн-кездесу

«Magnum GO» компаниясы «ЭКТжҚКС» мектебі студенттерімен жұмысқа орналасу және мансаптық мүмкіндіктер тақырыбында онлайн-кездесу өткізді. Студенттер вакансиялар, қажетті дағдылар, тағылымдамадан өту мен кәсіби даму бағдарламалары туралы білді.

«Magnum GO» компаниясымен мансаптық мүмкіндіктер туралы оффлайн-кездесу

17 ақпан күні «Magnum GO» компаниясының (@magnumgo.kz) өкілдері мен «ЭКТжҚКС» мектебі студенттерінің қатысуымен жұмысқа орналасу және мансаптық мүмкіндіктер тақырыбында онлайн-кездесу өтті. Іс-шара ашық диалог форматында ұйымдастырылып, студенттер еңбек нарығындағы қазіргі талаптар мен жұмыс берушілердің ұсынымдары туралы маңызды ақпарат алды.

1777556137_WhatsAppImage2026-04-30at1736102.webp

«Magnum GO» өкілдері қолжетімді вакансиялар, сонымен қатар табысты жұмысқа орналасу үшін қажетті негізгі дағдылар мен құзыреттер туралы айтты. Әсіресе, компаниядағы мансаптық өсу, тағылымдамадан өту мүмкіндіктері мен кәсіби даму бағдарламаларына ерекше назар аударылды. Студенттер белсенді түрде сұрақтар қойып, іріктеу үдерісі, корпоративтік мәдениет және мансаптық өсу перспективасы жайлы ақпарат алды.

Кездесу барысында студенттер түйіндеме дайындау мен сұхбаттасудан өту бойынша пайдалы кеңестер алып, жұмыс іздеуде өздерінің сенімділіктерін арттырды. Өз кезегінде, «Magnum GO» компаниясы студенттердің қызығушылықтарының жоғары деңгейін және олардың таңдалған кәсіби салада дамуға дайындығын атап өтті.

Іс-шара жастарға арналған жаңа мүмкіндіктер жасау мақсатында бизнес пен білім беру саласы арасындағы ынтымақтастықты дамытудағы маңызды қадам болды. Барлық қатысушылар болашақта да осындай кездесулерді жалғастыру ниетін білдірді.

1777556144_WhatsAppImage2026-04-30at1736101.webp

Басқа жаңалықтар

Университет өміріндегі соңғы оқиғаларды қадағалаңыз

«Оқитын университет» кітап клубы: детектив жанрының эволюциясы
29.04.2026

«Оқитын университет» кітап клубы: детектив жанрының эволюциясы

9 сәуір 2026 жылы МЕТА кітапханасында «Оқитын университет» кітап клубының «Детектив: жанрдың эволюци...

Толығырақ
Біздің студенттер құрамасы Alma Cup–2026 турнирінде 3-орынға иеленді.
09.04.2026

Біздің студенттер құрамасы Alma Cup–2026 турнирінде 3-орынға иеленді.

Толығырақ
2026 жылдың 18 наурызы мен 2 сәуірі аралығында Академик Қ.Қарасаев атындағы Бішкек мемлекеттік университетінің (Қырғыз Республикасы) докторанттары META университетінде ғылыми тағылымдамадан өтті.
07.04.2026

2026 жылдың 18 наурызы мен 2 сәуірі аралығында Академик Қ.Қарасаев атындағы Бішк...

Толығырақ
+7 707 495 45 45 +7 707 495 25 25

Колёсико мыши для зума