25 қыркүйек — Қазақстанда жалпыұлттық аза тұту күні.
Бүгін бүкіл елмен бірге қайғыға ортақтасып, Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамыз.
Қаза тапқандардың рухына тағзым етеміз. Жатқан жерлері жайлы болсын.






