META University-де «Жайдарман жүрек» атты шығармашылық кеш өтіп, оның құрметті қонағы Камал Әбілқасымқызы Әлпейісова болды.
Камал Әлпейісова — филология ғылымдарының кандидаты, белгілі жазушы, ақын, еліміздің тұңғыш кәсіби синхронды аудармашысы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» және «Парасат» ордендерінің иегері.
Кездесу барысында цифрлық дәуірдегі сөз құдіреті, жоғары мемлекеттік деңгейдегі аудармашы мамандығының қыр-сыры және ұлттық құндылықтарды сақтау мәселелері талқыланды. Қатысушылар қонаққа сұрақтарын қойып, оның кәсіби және шығармашылық тәжірибесімен танысты. Сондай-ақ іс-шара аясында кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кездесуді педагогика ғылымдарының докторы, профессор Р. Р. Масырова жүргізді.
Шығармашылық кеш қатысушыларға құнды ойлар мен ерекше әсер сыйлаған мазмұнды жүздесуге айналды.






