META University-дің 2-курс студенті Бейшен Шұғыла Әбілқасынқызы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 35 жылдығына арналған «Республика мақтанышы» республикалық байқауында жоғары нәтиже көрсетіп, І дәрежелі дипломмен марапатталды.
Бұл жетістік — Шұғыланың табандылығының, таланты мен тынымсыз еңбегінің жемісі. Ол жеке бастамалары, атқарған жұмыстары және үздіксіз дамуға деген ұмтылысы арқылы өз мүмкіндіктерін дәлелдей білді.
Әрбір үлкен жетістіктің артында еңбек, төзімділік, жауапкершілік және өзіне деген сенім тұрады. Шұғыланың марапаты — жас ұрпақтың білім алуға, дамуға және биік белестерді бағындыруға деген талпынысының жарқын көрінісі.
Біз белсенді, талантты, еңбекқор әрі мақсатшыл студенттерімізді мақтан тұтамыз. Бүгінгі ізденімпаз жастар — ертеңгі ел мақтанышына айналатын тұлғалар.
Бейшен Шұғыла Әбілқасынқызын шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта алар асулары биік, жетістіктері мол болып, әрбір еңбегі лайықты бағалана берсін!






