04.12.2025

2025 жылдың 28 қараша күні META University «Креативті экономика және құқық» мектебі Құқықтану БББ

2025 жылдың 28 қараша күні META University «Креативті экономика және құқық» мектебі Құқықтану БББ «Заң мен тәртіп» қағидаты аясындағы «Құқық, қорғау және сенім: құқықтық қоғамды нығайтудың практикалық бағыттары» тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

2025 жылдың 28 қараша күні META University «Креативті экономика және құқық» мектебі Құқықтану БББ

Дөңгелек үстел барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері өз ой-пікірлерімен, тәжірибелерімен бөлісіп, құқықтық қоғамды дамытудың өзекті бағыттарын талқылады. Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудің заманауи тәсілдері, құқықтық мәдениетті арттыру жолдары және азаматтардың құқықтық санасын күшейту мәселелері бойынша мазмұнды пікір алмасу ұйымдастырылды.

 

Меморандумға қол қойылды!

META University ректоры Темербаева Айжан Маратовна және Алматы облысының прокуратурасы облыс прокурорының  аға  көмекшісі, топ басшысы Абиров Махсат Ержанович өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою – бірлескен жұмыстың жаңа кезеңін бастайтын елеулі оқиға.

Бұл меморандумның басты мақсаты – заңдылықты нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сондай-ақ қоғамда ашықтық пен әділдік қағидаттарын одан әрі ілгерілету.

 

Заң клиникасының ашылуы!

META University ректоры Темербаева Айжан Маратовна және Алматы қаласы  Әділет  департаментінің  арнайы өкілі  Әбзелбек Шынар Мақсатқызы Заң клиникасы кабинетін ашты.

Заң клиникасы — азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, жастарға кәсіби біліктілігін арттыру және құқықтық ағартуды кеңейту жолындағы маңызды қадам.

Заң клиникасының ашылу салтанаты – студенттердің кәсіби құзыреттерін арттыруға, практикалық құқықтық дайындықты күшейтуге, сондай-ақ әлеуметтік осал топтарға тегін құқықтық көмек көрсетуге бағытталған маңызды бастама болып табылады.

Іс-шара барысында клиниканың мақсат-міндеттері таныстырылып, қызмет бағыттары мен жұмыс форматы түсіндіріледі.

Другие новости

Следите за последними событиями в жизни университета

Университетте «Басқару және бизнес» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын өзектендіруге арналған дөңгелек үстел өтті
22.12.2025

Университетте «Басқару және бизнес» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарлама...

Университетте «Басқару және бизнес» даярлау бағыты бойынша білім беру бағдарламаларын өзектендіру» т...

Читать далее
META University ректоры Айжан Темербаева Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүкенов А.Н. төрағалығымен өткен жұмыс кеңесіне қатысты.
08.12.2025

META University ректоры Айжан Темербаева Алматы қаласы әкімінің орынбасары Нүкен...

Кеңесте мегаполис ректорлары қаладағы жоғары оқу орындарының бірлескен жұмысы, олардың өзекті қалалы...

Читать далее

Новость

21.11.2025

META UNIVERSITY-де «ЖОО-ның үздік оқытушысы – 2025» конкурсының I кезеңі өтті...

META UNIVERSITY-де Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі ұйымдастыратын «ЖОО-ны...

Читать далее